Түркістанда халықаралық әуежай құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда халықаралық әуежай құрылысы басталды

20.05.2019

Үкімет басшысы Асқар Мамин маңызды нысанның капсуласын салды. Әуежай Түркістаннан 16 шақырым жерде орналасқан.

Жалпы, 900 гектар аумаққа терминалдар мен ұшып-қону жолағы, басқа да қосалқы нысандар бой көтереді. Нысан құрылысымен түрік компаниясы айналысады. Оның басшысы Арслан Хусейн Премьер-Министрге жаңа әуежай халықаралық және ішкі рейстерді қоса есептегенде, сағатына 250 адамды қабылдауға қауқарлы болатынын айтты.

Бұрын-соңды Түркістанда мұндай әуежай болмаған. Нысан құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталады.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу