Орал әуежайы қайта жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал әуежайы қайта жөнделеді

28.09.2017

«Орал» халықаралық әуежайының терминалы қайта жаңғыртылады. Бұл туралы Батыс Қазақстанда өтіп жатқан ІV «WestKazInvest» Халықаралық инвестициялық форумында белгілі болды.

Форум шеңберінде бекіген меморандумға сәйкес әуежай келер жылдан бастап жөнделеді. Оған 1,5 млрд. теңге қаражат бөлінбек. Сондай-ақ, жиында бекітілген тағы бір келісім бойынша облыста қызанақ өсіретін жылыжай құрылысы басталмақ. Италиялық инвестор бұл жобаға 3,6 млрд. теңге қаржы құйғалы отыр. Форум аясында өңірге 6 млрд. теңге инвестиция тартылатын болды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу