Ақтөбеде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге арналған WorldSkills байқауы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге арналған WorldSkills байқауы өтіп жатыр

25.04.2019

Олар өнімді көзбен көріп, қолмен ұстап қана қоймай, дәмін татуға мүмкіндік алды.Техника-технологиялық колледжінде өткен байқауда білім алушылар пісірген тәтті тоқаштар мен торттардың сапасын кәсіби сарапшылар бағалады.

Кондитердің арнайы киімінің болуы және жұмыс орнының тазалығы, шикізатты тиімді, үнемді пайдалану әдістері ерекше назарға алынды. Бұл байқау әлем бойынша кәсіби білімнің дамуына ерекше үлес қосып келеді. Бүгінге дейін 75 елде өткен. Ақтөбеде өткен чемпионаттың жеңімпаздары елордада өтетін WorldSkills Kazakhstan байқауына жолдама алады. 

Жансая Қаратаева, Ақтөбе техника-технологиялық колледжінің оқытушысы :

- Кондитер құзіреттілігі бойынша 3 модулмен бақ сынап жатыр студенттер. Бұл модульдерде торт антремер, екінші модульде пирожный птифур, үшінші модуль әртүрлі бейнелеу өнері. Бұл мамандық шығармашылыққа толы. Сұранысқа ие қазіргі таңда.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу