Астанада көшедегі қоқыс жәшіктерін металл қабылдау орындарына өткізгендер ұсталды
Енді оны сатқандар да, сатып алғандар да жауапқа тартылады. Қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Бүгін басталған «Түсті металл» жедел алдын алу шарасында тағы көптеген заңбұзушылық анықталды.
Біз барған барлық жердің кәсіппен айналысуға рұқсаты болмай шықты. Оның үстіне жұмысшылары ғана жүр. Иелері түрлі сылтау айтып, полиция қызметкерлері кеткенше бас сауғалаудың амалын іздеді.
Азамат Садықов, Астана қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы:
- Егер де лицензиясы жоқ болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіледі.
Заңсыз кәсіп шығынға ұшыратады. Жұрттан ақшаға сатып алған темір-терсек толық тәркіленіп жатыр. Ал, құдықтың қақпағы, қоқыс жәшігі сияқты ұрланған заттарды қабылдағандарға жаза қатаң.
Астанада осындай 100-ден астам металл қабылдау орны бар екен. Алдағы 3 күнде олардың жұмысының заңдылығы толық тексеріледі. Ал, талаптардың орындалмағаны анықталып жатса, кәсіпкерлер кемінде 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
