Басты Жаңалықтар Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр

«Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысы Ордабасы ауданының аумағында ұйымдастырылды.Тазалық жұмыстары бір мезетте аудандағы он ауылдық округте өтті. Шараға ұзын саны 2,5 мыңға жуық адам белсене қатысты. Акция аясында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстардан тазартылды, арамшөптер шабылды. Темірлан ауылында өткен шарада жиналғандар бұл жолы орталық саябақ аумағын тазартауға атсалысты. Ағаш түптері әктеліп, арық-атыздар қалдықтар мен күзгі жапырақтардан тазартылды.

 Индира Әріпова, кітапханашы:

 Біз ұжымымызбен «Таза Қазақстан» аясында көктемнен бастап, өзіміздің ауданымыз, ауылымыз, мекемеміз таза болсын деп, барлық жердегі іс-шараға қатысып, атсалысып, әктеп, шабу, гүлдендіру, барлық жұмысқа атсалысып келеміз. Тазалық  өзімізден басталады. 

Бөлісу