Басты Жаңалықтар Еліміздегі мектептерде мыңнан астам инклюзия кабинеті бар

Еліміздегі мектептерде мыңнан астам инклюзия кабинеті бар

Қазақстанда мектептердің 90%-ында ерекше балалардың білім алуына жағдай жасалған. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін мыңнан астам арнайы кабинет жасақталған. Бұдан бөлек жан-жақты дамытуға көмек беретін 508 ұйым бар. Жыл сайын осы орталықтарда жұмыс істейтін 10 мыңнан астам логопед-дефектолог біліктілігін арттырады. Жуырда бұл тізімге педагог-ассистент, арнайы педагог, жеке көмекші сынды жаңа мамандықтар қосылды.

 

Бөлісу