Басты Жаңалықтар Үндістанда нөсер жауыннан кейін лай көшкіні жүрді

Үндістанда нөсер жауыннан кейін лай көшкіні жүрді

Үндістанның Манипур, Химачал-Прадеш штаттарында дамылсыз жауған нөсерден кейін лай көшіп, су тасқыны болды. Өзен арнасынан тасыған. Үйлер мен дүние мүлікке айтарлықтай зақым келді. Үндістан жазда алапат тасқынды бастан кешірді. Табиғи апат әсіресе Пенджаб және Уттарханд штаттары тұрғындарын әбігерге салған еді. Муссон жаңбырынан 2 мыңдай ауыл жермен-жексен болды.

Бөлісу