БҚО-да көктайғақтың кесірінен жүк көліктері жолдан шығып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да көктайғақтың кесірінен жүк көліктері жолдан шығып қалған

14.01.2019

Әлеуметтік желіде жолаушылар бейнежазба таратуда. Демалыс күндері өңірде қалың қардың соңы жаңбырға ұласты. Түнде аяз болып, жол көк мұзға айналды. Осылайша, ауа райының күрт құбылуына орай барлық жол жабылды. Жолға шықпау туралы ескерту жіберілді. Алайда, хабарламаға құлақ аспаған тұрғындар қар құрсауында қалып қойып жатыр. Екі күнде жолда қалған 7 көліктен 23 адам құтқарылды.

Ардақ МҰАРТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу