Көктайғақтан Павлодар облысы үш автобус жолдан тайып, аударылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көктайғақтан Павлодар облысы үш автобус жолдан тайып, аударылып қалды

05.12.2023

Көктайғақтың кесірінен Павлодар облысы аумағында жолаушылар тасымалдайтын үш автобус жолдан тайып, аударылып қалды.

Бұл автобустар Екібастұздағы «Богатырь» кенішіне жұмысшыларды апара жатқан. Жүргізушілердің айтуынша, көктайғақ әрі қатты желдің кесірінен көлікті басқару қиындаған. Өрге шығуға техниканың күші жетпей, тайғанақтай берген соң жұмысшыларды жаяу жібердік, - дейді. Адамдар жұмыс орындарына аман-есен жеткен. Аймақта ауа-райы сәт сайын құбылып тұр. Күндіз ерігенімен, кешқұрым суытып, күре жолға мұз байланады. Сондықтан, жолдар уақытша жабылды.


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу