Түркістанда жүк көлігі тепловозға соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда жүк көлігі тепловозға соғылды

20.06.2022

Шымкентте жүк көлігі тепловозға соғылып қалды.

Теміржолдағы апат бүгін күндіз Леңгір мен Шымкент қаласының ортасында Елтай ауылының тұсында болған.

Апат салдарынан жүк көлігі жолдан шығып кеткен. Ал вагондар тиелген тепловоз тоқтап қалған. Куәгерлер бұл жағдайды ұялы телефондарынап түсіріп, әлеуметтік желіге таратты.

Оқиғаға кімнің кінәлі екені әзірге белгісіз. Өңірдің көлік полициясы ресми мәлімет таратпады.

Хабарламаларға жазылу