Алматыда бірқатар шағын ауданның атауы өзгерді

11.01.2019

Алматыда бірқатар шағын ауданның атауы өзгеріп, оларға байырғы жер-су, тау-шатқалдарының аттары берілді. Мәселен, Трудовик – Тұмар, Бутаков – Мұзтау, Ремизовка – Асқартау шағын ауданы болып өзгерді. Сондай-ақ, Кеңес үкіметі кезінде қойылған көше атаулары да қазақ халқына еңбегі сіңген тұлғалардың атына ауысты. Енді жергілікті билік, ғалымдардың көмегімен арнайы зерттеу жүргізіп, мегаполистің маңындағы ежелгі шатқалдар мен сай-саланың атауын одан әрі қазақшалауды қолға алмақ. 

Өтепберген Қалабай, қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы:

- Алматы қаласындағы 27 шағын ауданда идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды біз ұлттық танымдық атауларменен өзгерттік. Ал, Алматы қаласындағы Шыңбұлақ тарихи деректерде солай жазылған. Ал, ел арасында Шымбұлақ болып аталып кеткен. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу