Ауыл әкімдері арнайы курстан өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл әкімдері арнайы курстан өтіп жатыр

05.12.2018

Астанадағы агротехникалық университет мамандары диқандарға соңғы технологияларды пайдаланудың тәсілдерін үйретуде. Елбасының ауыл шаруашылығын цифрландыру туралы тапсырмасын іске асыратын дәл осы мамандар. Қазақ ғалымдарының соңғы жетістіктерін іс жүзінде пайдалану қос тарапқа да тиімді екендігін түсіндіру - жиынның басты көздегені.

Сондай-ақ, заң мамандары жерге қатысты мәселелерді шешу туралы дәріс те оқыды. Курсты алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіп тұру жоспарланып отыр.

Ерболат Абаев, Қарағанды облысы Нұра ауданы Пржевальский ауылдық округінің әкімі:

- Бүгінгі оқуымыздың нәтижесі бар. Өйткені, бүгінгі таңда бұрынғы технология бойынша 10 центнер, 7-8 центнер алатын болсақ, қазіргі жаңа технология бойынша 40 центнерге дейін апаруға болады деп ойлаймын.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу