Атырауда кондукторлар мен автобус жүргізушілерінің еңбекақысы 2 есеге өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда кондукторлар мен автобус жүргізушілерінің еңбекақысы 2 есеге өсті

20.11.2018

Нақтырақ айтсақ, қазан айынан бастап жүргізушілердің айлығы 240 мың теңге, ал, кондукторлардың жалақысы 80 мың теңге болып бекітілді. Оң өзгеріс, Президенттің кезекті Жолдауында көрсетілген қызметкерлердің еңбекақысын көтеру жөніндегі тапсырмасына орай қолға алынды. Мамандар автобус паркіндегі айлықтың өсуі, қоғамдық көліктегі жолаушылар тасымалы мен жол ақысына кері әсер етпейді деп отыр.

Айдарбай Достанұлы, автобус паркінің директоры:

- Жолақысы бұрынғы күйінде қалады. Біз электрондық билет есебінен мекемеге түсім көбейеді деп есептеп отырмыз. Соған байлынысты ең жауапты жұмысты атқаратын жүргізушілер мен кондукторлардың жалақысын көтеріп отырмыз.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу