Алматы автобустарында жүргізуші отыратын жер қоршалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы автобустарында жүргізуші отыратын жер қоршалады

22.01.2024

Алматы автобустарында жүргізуші отыратын жер қоршалады. Әкімдік өкілдері, жаңа сатып алынатын қоғамдық көліктерде жүргізуші мен жолаушы арасын бөлетін қорғаныш орнатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, дабыл түймесін орнату техникалық жағынан пысықталып жатыр. Автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі өткен жылдың аяғында назарға алына бастады. Өйткені, 22-ші желтоқсанда автобус аялдама маңында тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. Аптақа қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушының жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрғаны себеп болған. Салдарынан, ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Апаттан үш адам қаза тапты.


Хабарламаларға жазылу