Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өсті

13.01.2020

1 қаңтардан бастап дәрігерлердің жалақысы 30, орта медициналық қызметкерлердің еңбекақысы 20 процентке өсті. Жалақы төлеу барысына қоғамдық бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ қызметкерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделері, кепілдіктері мен жеңілдіктері қорғалады. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы арасында ортақ келісімге қол қойылды. Бұл жеке емханаларға да қатысты.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу