Полиция қызметкерлерінің еңбекақысы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қызметкерлерінің еңбекақысы өсті

21.02.2020

Ішкі істер органдарын реформалау басталғалы полицейлердің еңбекақысы көтерілген. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Оның сөзінше, қазір патрульдік полицияның еңбекақысы 65 процентке, жедел-тергеу бөлімінің жалақысы 55 процентке артқан. Тиісінше, полицейлерге деген талап та күшейіп, үдеден шыға алмаған 10 мың қызметкер жұмыстан қысқартылған. Ведомство басшысы полицейлерге жүктелген қосымша міндеттерді алып тастау бастамасын көтерді. Яғни мемлекеттік органдарды күзететін полицейлердің жұмысын толығымен күзет ұйымдарына тапсыру жоспарланып отырғанын айтты ол.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу