«Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің бір жақ қапталы биыл салынып бітеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің бір жақ қапталы биыл салынып бітеді

19.11.2018

Павлодар облысы аумағындағы «Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің бір жақ қапталы биыл салынып бітеді. Елордаға дейін таспадайын тілінген автобанды Тәуелсіздік күніне орай ашу жоспарланып отыр. «Астана-Павлодар-Өскемен» арасын жалғайтын асфальт-бетонды жол ауыр салмақтағы жүк көліктеріне де шыдамды етіп салынған. Құрылысшылар: «автобанды 25 жыл бойы үздіксіз пайдалануға болады», деп кепілдік беріп отыр.

 

Болат Аманбаев, тілші:

Жыл басынан бері Павлодардың транспорттық бақылау инспекциясы жүк тасымалы ережесін өрескел бұзған екі мыңнан астам жүргізушіні жауапқа тартқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық.

Көлікке шамадан тыс артылған жүк жолды бүлдіреді. Мәселен, от орнындай ғана мына ойықты бекіту үшін, миллиондаған қаржы қажет. Ал, жыл бойы жиналған айып-пұлдың өзі жол жөндеуге бөлінген қаржының 25 пайызын да жаба алмайды.  

Сондықтан, жүк тасымалдаушы кәсіпорындарды жазалаудан гөрі, олардың заң  аясында жұмыс істеуіне басымдық берілмек.

Самат Гилимов, Көлік комитеті төрағасының орынбасары:    

-Павлодар облысына келіп отырған мәселеміз - облыстық әкімдікпен бірігіп, Президентіміздің тапсырмасы бойынша көптеген қаржы бөлініп, ҚР өңірлерінде жолдар салынып жатыр. Енді соны болашақта біздер қалай пайдаланып, қалай сақтау жөнінде.

 

Алдағы уақытта өңірлердегі көліктік бақылау инспекцияларының материалдық-техникалық базасы жаңартылады. Мәселен, жақында облыс әкімшілігі қаржы бөліп, үш бірдей мобильді бекеттер сатып алды. Ендігі мәселе - инспекторлардың жауапкершілігін күшейту. Бұл ретте, Павлодар - көліктік бақылау инспекторлары арасында сыбайластық дерегі тіркелмеген жалғыз аймақ.

Нұрлан Жахин, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

-Негізінен тасымалдаушылардың өздері адал болуы тиіс. Ал, олардың адал болуы үшін тәуекелдер болмауы керек. Яғни, мемлекеттік қызметкер мен көлік жүргізушісі арасындағы қатынасты жою керек. Мұның бәрі электронды болған күнде жаңағы пара беру, пара алу фактілері бірден жойылады, деп ойлаймыз.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған «Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің басым бөлігі Павлодар облысы аумағымен өтеді. Бұл - Астанадан еліміздің Шығысына ғана емес, Ресейге, Қытайға баратын жолды қысқартатын автомагистраль. «Сондықтан, жолдың бүлінбеуіне мемлекеттік органдармен қатар қоғамдық ұйымдарда жұмыла кірісеміз»,- деп отыр.

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу