Павлодарда 6 жылға созылған көпір құрылысы келесі жылы аяқталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 6 жылға созылған көпір құрылысы келесі жылы аяқталмақ

30.04.2021

Павлодарда 6 жыл бұрын құрылысы басталып, аяқтамай қалған көпір қайта салынатын болды. Нысан «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған «Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің жалғасы. Яғни, Нұр-Сұлтаннан басталатын автомагистральдің Кереку арқылы Семей және Ресейге баратын торабы. Бірақ жобалаушылардың қателігінен бітпей қалған. Іс сотта дәлелденіп, қаржы мемлекетке қайтарылды.

Ермұрат Нұрханов, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
Асфальт салу жұмыстары салынбаған, 1 шақырымы есептелмеген. Сосын көпірдің астынғы биіктігі дұрыс емес, үш-ақ метр. Үлкен көліктер өте алмайтындай қылып жасалған. Сондықтан жоба құжаттарына қайта түзетулер жасалды.

Президент сынынан кейін қаражат табылып, мердігер компания жұмысқа кірісті. Жоба бойынша көпірді аяқтап, осы аумақтағы 10 шақырым жерге асфальт төсеу үшін 6 млрд теңге қарастырылған.

 Ренат Гадельшин, мердігер компания өкілі:
Бізге қазір 1 млрд 800 млн теңге берілді. Қаржыландырудан кідіріс болмаса биыл жұмысты аяқтаймыз. Негізі келер жылы бітеді деп жоспарланған.

Болат Аманбаев


павлодар авто жол

Хабарламаларға жазылу