Астана-Павлодар-Өскемен бағытындағы «Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің құрылысы созылып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана-Павлодар-Өскемен бағытындағы «Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің құрылысы созылып кетті

01.06.2018

«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған автобан былтыр тапсырылуға тиіс болатын. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарынан құрылған жұмыс тобы күрделі учаскелерге арнайы барып, ондағы жұмыс барысын көрді. Құрылыстың кешеуілдеуіне негізінен мердігер кінәлі. «Дена» компаниясы банкрот болған. Ал, одан қалған үш учаскеде қазір 11 компания жұмыс істеп жатыр. Халық қалаулылары салынуға тиісті 100 шақырымнан астам жолды көлікпен жүріп өтті. Сапасы сын көтермейді. Жол жөндеушілер «жұмысты келер жылы ғана аяқтаймыз»,- деп отыр. Жалпы «Орталық - Шығыс» коридорының ұзындығы 905 шақырымды құрайды. Жоба бүгінгі таңда белсенді түрде жүргізілуде. Коридорды қайта жаңғыртудан кейін толық іске қосу 2019 жылға жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жолдың 404 шақырымы пайдалануға  берілген. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Астана–Павлодар және Павлодар–Семей учаскелерінің бағыты бойынша жолды толық іске қосу жоспарланып отыр.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу