Сарайшықта каналды жыру арқылы су деңгейі төмендетіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарайшықта каналды жыру арқылы су деңгейі төмендетіліп жатыр

16.05.2024

Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылында каналды жыру арқылы су деңгейі төмендетілді. Құрсай каналының бойын бірнеше жерден ашу нәтижесінде келіп жатқан нөпір су сай салаға жайылуда. Дегенмен, қауіпті аумақтарда жаңадан соғылған бөгеттерден су шығып кетіп жатыр. Сол себепті қосымша жаға бекіту жұмыстары үздіксіз жүруде. Егде жастағы тұрғындар, жүкті әйелдер, науқас жандар алдын-ала қауіпсіз жерге көшірілген. Бүгін гидробекеттегі Жайықтың деңгейі 995 см-ге жетті. Жауапты мамандар бөгеттердегі кезекшілік жұмыстарын күшейтті.

Жаннат Кенжеғалиева, Сарайшық ауылдық округінің әкімі:

Бөгет жұмысы барлығы аяқталды. Қазір соларды қосымша бекітіп жатырмыз. Сарайшықта 200 әскери сарбаз жұмыс істеді.

Құлсарылық 146 оқушы оқу-сауықтыру лагерінде демалуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасының балалары 4 мамырдан бастап, 20 күнге лагерге аттанды. Қазір олар Түркістан, Балқаш, Щучинск қаласында және Бурабайда демалып, әрі оқуларын сол жерде жалғастыруда. Маусым айында тағы 35 оқушыны жіберу жоспарланып отыр.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу