СҚО-да коммуналдық мекемелердің тарифті негізсіз көтергені анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да коммуналдық мекемелердің тарифті негізсіз көтергені анықталды

15.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлардың тексеруінен кейін коммуналдық мекемелердің тарифті негізсіз көтергені анықталды. «Петропавл жылу жүйелері», «Севказэнергосбыт» және  «Солтүстік Қазақстан Электр желілерін таратушы» компаниялары заңсыз әрекетке барғаны үшін енді 2,6 млн. теңге соммасында айыппұл төлейді. Тексеріс нәтижесінен кейін тұтынушылар 1 қарашадан бастап 2020 жылға дейін арзандатылған тарифпен төлейтін болады.  «Севказэнергосбыт» кәсіпорыны жылу энергиясының құнын 23 теңгеге және электр энергиясын 0,12 теңгеге төмендетті. Сондай-ақ, заң бұзған кәсіпорындар алдағы уақытта жеке кәсіпкерлердің шығынын өтейтін болады. 

Виктор Найд, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Прокурорлардың жұмысы нәтижесінде тарифті 19,41 теңгеден 15,51 теңгеге дейін төмендетіп,  кәсіпкерлерге 40 млн. теңге қайтаратын болады. Энергия беруші ұйымдар тарифтерді  -  жылу 2019 жылғы қазанның 31-не дейін, электр энергиясы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін түзетті.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу