Оралдың кейбір жанармай құю бекеттерінде қысқы отын қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдың кейбір жанармай құю бекеттерінде қысқы отын қымбаттады

05.11.2018

Оралдың кейбір жанармай құю бекеттерінде дизельді отын бағасы қымбаттады. Әсіресе, жағармайдың қысқы түрі 249 теңгеге дейін өсті. Жеке кәсіпорындар шикізатты Ресейден тасымалдайды. Ал, көрші елде көтерме баға қымбат. «Бағаның шарықтауының да себебі сол», - дейді мамандар. Жалпы, өңірде дизельді отынның жазғы түрі 191-195 теңге, ал, қысқы 210-249 теңге аралығында сатылып жатыр. Осы жағдайға орай облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті тексеруді бастады. Егер баға негізсіз көтерілсе, кәсіпорынға шара қолданылады. 

Бейімбет Мусин, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Монополияларды реттеу департаментімен баға көтерілудің негіздемесі қаралуда. Қазіргі уақытта мұнай базаларында дизельді отын қорлары жеткілікті. 4 мың тоннаға жуық дизельді отын бар. Автостанцияларда кептеліс байқалмайды.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу