Солтүстік Қазақстанда бензин қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда бензин қымбаттады

07.04.2021

Солтүстік Қазақстанда жанармай бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттады. Осымен теріскейде сұйық отын құны соңғы айда үшінші рет көтеріліп отыр. Жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің литрі 177-178 теңгеден саудалануда. Ал АИ-95-тің бағасы 188 теңгеге жетті. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары қымбаттау себебін жанармай өндіретін зауыттардағы бағаның өсуінен деп отыр. 

Эльмира Қаленова

Хабарламаларға жазылу