Елде жанармай бағасы 10 теңгеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде жанармай бағасы 10 теңгеге қымбаттады

06.05.2021

Елде бензиннің бағасы бір айда 10 теңгеге қымбаттады. АИ-92 наурызда 158 теңгеден саудаланса, қазір 6 процентке өсіп, жанармай литрі 168 теңгеден асқан. Статистика бюросының мәліметінше, тіпті кейбір өңірлерде жанармайдың бұл түрі 176 теңгеден сатылып жатыр. Ал АИ-98 маркалы бензин литрінің құны 206 теңге 87 тиынға теңесті. Кейбір жанармай құю бекеттерінде 211 теңгеден де саудаланып жатыр.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу