Еліміздің құқық қорғау жүйесінде жаңа құжат пайда болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің құқық қорғау жүйесінде жаңа құжат пайда болмақ

01.11.2018

Әділет министрлігі Жоғарғы сотпен бірлесіп Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс жобасын жасап жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан халықаралық конференция барысында Марат Бекетаев айтты. Министрдің сөзінше, бұл кодекс мемлекеттік органдармен дау-дамай туған жағдайда ел азаматтарының құқығын қорғау үшін және қос тараптың мүддесіне қатысты тепе-теңдікті сақтау үшін аса маңызды. Жаңа құжат қазіргі қолданыстағы Әкімшілік-құқықтық кодекске өзгеріс әкелмек. Яғни, әкімшілік және құқықтық заңбұзушылықтардың ара жігі анықталып, екі түрлі кодекспен қаралады. Бұл өз кезегінде елімізде әкімшілік соттардың құрылуына әкеледі. Жоба, жыл соңына қарай Мәжілістің қарауына түседі деп күтілуде. Жан-жақты талқылаудан өткен соң жаңа кодекс 2020 жылы қабылданып, қолданысқа енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Рамазан Сарпеков, Республикалық құқықтық ақпараттық орталығының директоры:

- Бүгінгі күні әкімшілік құқықбұзушылық мәселесі қылмыстың бір түрі. Бұл заң бойынша ешкімге айыппұл салмайды, бірақ, сол дау-дамай мәселесін шешу, реттеу тәртібін шешіп беріп отырады.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу