Сенат комитеті бірнеше елмен реадмиссия туралы келісімді мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат комитеті бірнеше елмен реадмиссия туралы келісімді мақұлдады

26.10.2015
Сенат комитеті бірнеше елмен реадмиссия туралы келісімді мақұлдады
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесi және құқық қорғау органдары жөнiндегi комитетiнде «Қазақстан мен Бельгия Корольдігі, Люксембург пен Нидерланд және Латвия елдерінің арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» Заң жобасы талқыланды.

Құжат елiмiзге өзге елдерден заңсыз кірген азаматтарды анықтауға және заңды кiрген, алайда, визасының мерзiмi өтiп кеткен азаматтарды кері өз еліне немесе келген мемлекетіне қайтару тетіктерін реттейді.

Заң аталған елдермен визасыз қарым-қатынас орнатудың алғышарттарының бірі болмақ. Қазір Қазақстан 12 елмен реадмиссия туралы осындай құжатқа қол қойған. Оның ішінде Германия, Швейцария бастаған Батыс еуропа елдері де бар.



Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу