Қазақстанда жаңа жол ережесі пайда болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жаңа жол ережесі пайда болмақ

03.08.2014
Қазақстанда жаңа жол ережесі пайда болмақ

Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне «Бейнебақылау жүргізілуде» деген бірыңғай белгіні қосу жоспарлануда, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Біз ІІМ-мен бірге Жол қозғалысы ережелеріне белгі енгізу мәселесін пысықтаудамыз. Астана мен Алматы қалаларындағы жылдамдық өлшеуіштерде белгілер әртүрлі. ІІМ-мен бірлесе отырып - «Бейнебақылау жүргізілуде» деген белгі ойластырудамыз, оны көрген жүргізуші бейнетаспаға түсіріп жатқанын біледі және тәртіп бұзбауға тырысады. Бұл тәртіп бұзушылықтың алдын алуға оң септігін тигізеді», - деді «Астана Innovations» басқарма төрағасының орынбасары Досжан Досымқұлов.

Жол қауіпсіздік ережесіне енгізуге жоспарланып отырған белгі, жылдамдық өлшеу мен бірге бейнебақылау камераларында орнатылмақ.

Хабарламаларға жазылу