Мемқызметкерлер үшін курстар ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемқызметкерлер үшін курстар ашылады

09.10.2018

Жаңаша ойлап, бәсекеге қабілетті бола алатын мемлекеттік қызметкерлерді дайындайтын арнайы курстар ашылады. Мұндай ерек жобаны Қазақстан Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы қолға алып отыр. Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді негізге ала отырып, академия осылайша мамандардың біліктілігін арттырмақ. Білім мекемесі ол үшін қазіргі оқу бағдарламасын жетілдіреді. Алдағы уақытқа қойылған міндеттер мен жоспарларды талқылаған академия ұжымы оған қауқарлары жететіндеріне сенімді. 

Бауыржан Жаубасов,  ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы басқару институтының доценті:

- Оқу-әдістемелік бағдарламаны жыл сайын дамытып отырмыз. Халықаралық тәжірибеге сәйкестендіріп және қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласындағы трендтерге қатысты біз оқу бағдарламаларды дамытып, одан әрі жетілдірудеміз. Біздің тарапымыздан осы тапсырманы орындауға дайын. 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу