Елордада жұмыссыздарға арналған кәсіптік даярлау курстары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жұмыссыздарға арналған кәсіптік даярлау курстары өтеді

17.02.2016
Елордада жұмыссыздарға арналған кәсіптік даярлау курстары өтеді

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының хабарлауынша, 2016 жылы білім жоқ жұмыссыз азаматтарды электрик, дәнекерлеуші, сантехник, даяшы, шаштараз, контролер-кассир, тігінші, кран машинисті мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру көзделген. Бұдан басқа, сұранысы төмен кәсіптермен айналысатын жұмыссыз азаматтарды әкімші, гид-экскурсовод, аспаз, кондитер, іс жүргізуші сияқты мамандықтар бойынша қайта даярлау курстары ашылады.

Өз мамандығы бойынша біліктілігін, деңгейін арттыруға немесе жаңа компьютерлік бағдарламаларды меңгеруге ниетті жандар үшін бухгалтер, қауіпсіздік техникасы бойынша инженер мамандықтары бойынша курстар өтеді.

Сонымен қатар, жеке оңалту бағдарламаларына ие мүмкіндігі шектеулі жандардың арасынан жұмыссыз отырған азаматтар төленетін қоғамдық жұмыстарға шақырылады.

Университеттер мен колледж түлектері қаржыгер, экономист, есеп және аудит мамандықтары бойынша жастар практикасына қатыса алады.

Жұмысқа орналасу мәселесімен Бейбітшілік к-сі 25, мекен жайы бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады, тел. 57-88-86.

Хабарламаларға жазылу