Астанада Еңбек күнін мерекелеуге арналған форум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Еңбек күнін мерекелеуге арналған форум басталды

20.09.2018

Астанада Еңбек күнін мерекелеуге арналған форум басталды. Жиын аясында «Еңбек жолы» қалалық конкурсының бірнеше номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды. «Үздік еңбек» номинациясы бойынша 1 орынды №34 орта мектептің директоры Рахимберлина Дидардың отбасы иеленді. Білім саласында талай жылдар еңбек етіп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген. Рахимберлиндер әулетінің жалпы педагогикалық еңбек өтілі - 136 жыл. Сондай-ақ, «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгер» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып бағалы сыйлықтармен марапатталды. Конкурста кәсіпкерлік саласы бойынша да үздіктер анықталып, дипломдармен марапатталды. 

Ермек Оспанов, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:

- Ұзақ жылдар бойы бір жерде еңбек етіп, жастарға тәлім тәрбие беріп, кәсіби тәжірибесімен бөлісетін және оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын адамдарға осындай қолдау көрсетеміз. Мұндай шаралар әр ұйым қызметкерлері арасындағы бәсекелестікті арттырады деп есептеймін. Бізге үздіктерді таңдау оңай болмады. Бір жыл бойы түрлі қызметкерлермен кездесіп, пікір алмастық. Бәрі де білікті мамандар. Дегенмен, жеңімпаздарды анықтадық.

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу