Ведомство ІТ-нарықпен байланысты нығайтып жатыр. Жыл соңына дейін бірнеше қызмет түрін ақпараттық жүйе негізінде көрсетуге әзір. Бүгіннің өзінде жұртшылық электронды еңбек биржасын қолдануға бейімделген. Онда жұмыс іздеп, түйіндеме қалдырумен бірге, кәсіптік бағдар бойынша тесттен өтіп мамандық таңдауға да мүмкіндік бар.
Осы технологияға 225 мың адам жүгініп, 203 мыңы қызмет тапқан. Сондай-ақ, 45 жеке жұмыспен қамту агенттігі де электронды еңбек биржасының тиімділігін көруде. Олар 8 мыңнан астам бос орын жариялаған. Министрліктің екінші жобасы – проактивті қызмет. Енді жұртшылық табан тоздырып, бұрынғыдай құжат жинамайтын болады. Керісінше мемлекет азаматтар туралы ақпараттар базасына сүйеніп қызмет түрлерін өздері ұсынады. Соңғысы, еңбек шарты да электронды толтырылмақ. Аталған ақпараттық жүйелер бойынша жыл соңына дейін 800 адамды оқыту жоспарланған.
Ербол Оспанов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президентінің орынбасары:
- Әрбір жұмыс беруші мен жұмысшы еңбек шартына отырады. Ол қағаз жүзінде болады. Сол қағаз жүзіндегі еңбек шарттарын электронды түрге аударып ала алады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.