Қазақстанда шілде айынан бастап төрт күндік жұмыс аптасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда шілде айынан бастап төрт күндік жұмыс аптасы іске қосылады

24.04.2023

Бірқатар сала қызметкерлері шілдеден бастап төрт күндік жұмыс аптасына көшеді. Яғни, Еңбек кодексіне тиісті өзгеріс енгізіледі. Сондай-ақ, бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы және толық емес жұмыс аптасы қарастырылған. Яғни, тараптардың келісімі бойынша бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын кезектестіру құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат берілмек. Жексенбі ортақ демалыс күні болып табылады. Айта кетерлігі, 4 күндік жұмысқа көшкендерге үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төленбейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірме құжатында жазылған. Сондай-ақ, толық емес жұмыс кестесі қызметкердің еңбек демалысының ұзақтығы мен жұмыс өтілін есептеуге әсер етпейді.

Хабарламаларға жазылу