Үйден шығып кеткен бойжеткеннен сол күйі хабар жоқ. Қазір қалалық ІІБ-да жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Із-түзсіз кеткен Сымбатты тәртіп сақшыларымен қатар, еріктілер де іздеуде. Алайда, еш нәтиже жоқ.
Маржан Тәжікова, С.Мұқатаеваның анасы:
- Көмектессеңіздер, тауып берсеңіздер. 11 күн болды, жоқ. Соңғы рет жеңгесіне жылап қоңырау шалған, содан қолынан жұлып алғандай болып өшіріп тастапты. Біреулер күштеп ұстап отыр ма білмейміз. Барлық жерге бардым.
Тимур Елшібаев, Семей қалалық ІІБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:
- Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Жоғалған қызды күнделікті іздестірудеміз. Іс бөлімше қызметкерлерінің ерекше назарында. Бізде бар ақпарат бойынша қазіргі уақытта Сымбат Ботагөз есімді құрбысымен бірге болуы мүмкін. Ботагөздің де осы уақытта қайда екені белгісіз. Оның ата-анасы бізге арыз жазған жоқ. Себебі, ол бұған дейін де үйінен кетіп қалған.
Р. МАДВАСОВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.