Ертіс өзеніне көлік құлап кетіп, бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертіс өзеніне көлік құлап кетіп, бір адам қайтыс болды

22.12.2021

Семейде Ертіс өзеніне көлік батып кетіп, бір адам қаза тапты. Оқиға түнде болған. Ішінде екі жолаушысы бар «Toyota Corolla» автокөлігі мұздай суға түсіп кеткен. Көлік жүргізушісі аман қалғынымен, 20 жастағы қыз қайтыс болды. Қазір оқиғаға қатысты «Абайсыздан кісі өліміне әкеліп соқтыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция тергеу құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында қайғылы оқиғаның қалай болғандығы жайлы ақпаратты жария етпейтіндіктерін жеткізді.


Хабарламаларға жазылу