«Дарын» республикалық сыйлығы енді жыл сайын берілетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дарын» республикалық сыйлығы енді жыл сайын берілетін болды

24.04.2018

Соңғы жылдары елімізде жұмыссыз жастардың саны 4,1 пайыздан 3,9 пайызға дейін азайды. Сондай-ақ, жас буын арасында құқықбұзушылық 4 пайызға төмендеген.

Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүркенов баспасөз мәслихатында  мәлімдеді. Оның сөзінше,  елімізде  жастарға жақсы мүмкіндіктер жасалған. Мәселен, былтыр Қазақстанда 400-ге жуық көпфункционалды нысан мен 7 денсаулық орталығы пайдалануға берілді.  Сондай-ақ, «Дарын»  республикалық сыйлығы енді жыл сайын берілетін болды. Бұл жүлдені алуға ынталы жастардың саны биыл екі есеге артқан. Айта кетейік, «Дарын» сыйлығына үміткерлердің  құжаттары наурыздың 30-нан бастап қабылданады.

Абзал Нүркенов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі:

- Батыс Қазақстан облысында жастарды әлеуметтендіру және қоғамдық пайдалы жұмыстарға жұмылдыру бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Ол жоспардың аты «Жас kz» деп аталады. Өңірлерде «Түлектер тақтасы» атты жоба да іске асып жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу