«Дарын» иегері Мерей Қарт: Биылғы марапат ерекше болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дарын» иегері Мерей Қарт: Биылғы марапат ерекше болды

14.12.2018

«Дарын» Мемлекеттік сыйлығы - Тәуелсіздігіміздің бірден-бір жемісі. 1992 жылдан бері байқауға қатысқан 200-ден астам дарын иесіне мемлекеттік сыйлық берілді. Биылғы байқау қатысушылары 10 аталым бойынша марапатталды.

Ақын, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының иегері Мерей Қарт студияқонағы болды.

Мерей Қарт:

«Дарын» мемлекеттік сыйлығы 1992 жылдан бері дарынды жастарға беріліп жатыр. Биылғы марапат ерекше болды. Себебі, дарын иелеріне марапат басты ордамыз Ақордада тапсырылды. Бізге көңіл бөліп, марапат табыстағаны үшін мемлекетке алғысайтамыз. Еңбегіміз еленіп жатыр. Менің негізгі тақырыбым - ауыл, қоғам, табиғат.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу