2015 жылы Қарасай батыр туралы фильм түсіреміз - Тұңғышбай Жаманқұлов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы Қарасай батыр туралы фильм түсіреміз - Тұңғышбай Жаманқұлов

31.12.2014
2015 жылы Қарасай батыр туралы фильм түсіреміз - Тұңғышбай Жаманқұлов

Сіз білесіз бе? «Еңлікгүл» сыйлығы кімдерге табысталады? Бұл сыйлыққа кімдер лайық?

«Еңлікгүл» - театр ұжымына, сахна қайраткерлеріне берілетін сыйлық. Өнер адамдары үшін оның орны ерекше. Ол, тіпті, шетелдік «Оскардан» еш кем емес». Бұл туралы Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов осылай дейді.

Актер бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, сұхбат берді.

Бүгінде Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төңірегінде 5 мыңнан астам театр қызметкері еңбек етеді. Әр жыл сайын жеті үздік актерге «Еңлікгүл» сыйлығы табысталса, тағы жеті актер ынталандыру сыйлығымен марапатталады.

Сондай-ақ, Тұңғышбай Жаманқұлов алға қойған ірі жобаларымен де бөлісті. «Тарихи фильмдерді көбейту мақсатында 2015 жылы Қарасай батыр туралы фильм түсірмекпіз», - дейді актер.

Сұхбатты «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу