Басты Жаңалықтар Елімізде жеделсатылардың көпшілігі талапқа сай емес

Елімізде жеделсатылардың көпшілігі талапқа сай емес

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жиында елордадағы жеделсаты мәселесіне де тоқталды. Осыған байланысты Президент қала әкімі Әсет Исекешевке жағдайды реттеуге  тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Лифтердің жағдайы нашар. Қазақстан бойынша осындай мәселе бар. Соңғы кезде Астанада 4 бірдей жеделсаты құлап кетті. Осы түйткілді реттейтін ұйым бар шығар?

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

- Нұрсұлтан Әбішұлы, лифт компанияларын лицензиялау шаралары тоқтатылды. Жалпы, 50 компания бар, олардың 10 ғана талапқа сай жұмыс істейді. Жағдайды реттеу үшін ұсыныстар қабылдап жатырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Адамдар лифтіні күн сайын пайдаланады. Ол жерде тәртіп болуы керек. Тұрғындар оны пайдалануға қорықпайтындай болуы қажет.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Бөлісу