Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір режимінде Қостанай қаласындағы жаңа автомобиль өнеркәсібінің ашылуына қатысты.
Бұл еліміздің машина жасау саласын дамытудағы маңызды қадамы. Жаңа зауыт жылына 70 мың көлік шығара алады. Аумағы 63 гектар. Сонымен қатар 1500 адамды жұмыспен қамтымақ. Мұнда өндірілген темір тұлпарлар Қазақстанмен қатар Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортталады. Президент кәсіпорын Қостанай облысының ғана емес, бүкіл елдің индустриялық әлеуетін арттыратынын атап өтті. Себебі КІА корпорациясы автомобиль шығаратын әлемдегі 10 ірі компанияның қатарына кіреді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтары ең көп сатып алатын үш көлік маркасының бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Өткен жылы елімізде 145 мыңнан астам көлік шығарылды. Астана, Алматы, Семей, Орал, Көкшетау, Қостанай және Саран қалаларында автокөлік өндірісіне қатысты кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Он мыңнан астам азаматымыз осы салада еңбек етеді. Оның жартысына жуығы – жастар. Ал Қостанайдағы зауытта бір жарым мың адам жұмыс істейтін болады. Алдағы уақытта кәсіпорын инженерлердің нағыз шеберханасы болады деп сенемін.Хо-Сунг Сонг, KIA Corporation президенті:
KIA корпорациясы бүгінге дейін әлемнің түкпір-түкпірінде автомобиль зауытын салды. Бірақ бұған дейін Орталық Азияда біреуі де болған жоқ. Енді ТМД елдері мен алыс-жақын өзге де мемлекеттердің азаматтары Қазақстанда құрастырылған көліктерді алады. Әуелі Sorento моделіндегі автомобильді шығарамыз. Ал қаңтарда жаңа Sportage шығарыла бастайды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Менің тапсырмам бойынша бұл награданы сізге Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр табыстайды. Құтты болсын!Президент корпорация басшысының қазақ-корей ынтымақтастығының дамуына, қос халықтың арасындағы достықтың нығаюына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
