«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
«Қайрат» пен «Пафос» арасындағы тартысты ойын басталмай тұрып-ақ стадион маңында нағыз футбол мерекесі өтіп жатыр. Орталық стадионға жиналғандардың қарасы қалың. Жанкүйерлердің көңіл күйін алматылық әріптесім Айдана Қуантхан жеткізеді.
Орталық стадион маңында нағыз жанкүйерлік атмосфера орнаған. Мұнда «Қайрат» командасын қолдау үшін 500-ге жуық адам жиналды. Барлығы сүйікті командасының жеңіске жетуін тілейді.
Ұйымдастырушылар қауіпсіздікке ерекше мән берген. Келушілер стадионға кіруі үшін бірнеше сатылы бақылаудан өтеді. Арнайы құрылғылармен билеттер тексеріліп, рұқсатсыз кірудің алдын алу шаралары жүргізіледі.
Стадион іші-сыртында 100-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 3000-нан аса тәртіп сақшысы жұмылдырылыпты. Матч кезінде кейбір көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық қызмет сақадай сай, ал жанкүйерлердің көңіл күйі көтеріңкі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
