«Жыл таңдауы-2014». Ермек Төрениязов «Үздік спорт комментаторы» аталымы бойынша марапатталды

05.12.2014
«Жыл таңдауы-2014». Ермек Төрениязов «Үздік спорт комментаторы» аталымы бойынша марапатталды

Ашылғанына 1,5 жыл болған «KAZsport» телеарнасы Сочидегі Олимпиада ойындарынан, Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатынан, Ичнхондағы Азия ойындарынын тікелей хабар таратып, арнайы бағдарламалар түсірді.

Ал, телеарнаның комментаторлары әлемдік және отандық сайыстарда сапалы әрі жедел жұмыс істеді.

Қазақстандағы алғашқы спорт телеарнасының комментаторы Ермек Төрениязовтың еңбегі бағаланып, «Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 жылдың телевизиялық маусымы бойынша «Жыл таңдауы» байқауының «Үздік спорт комментаторы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Оны ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев марапаттады.

Айта кетейік, «Жыл таңдауы» - отандық телеиндустрияның үздіктерін марапаттауға арналған алғашқы шара.

Хабарламаларға жазылу