Посткеңестік елдердің даму деңгейі

27.02.2018

«Посткеңестік кеңістіктің даму эволюциясы: кеше, бүгін, ертең». Ресейдің халықаралық істер жөніндегі Кеңесі осындай атаумен шыққан жинақтың ағылшын тіліндегі нұсқасын көпшілікке таныстырды. Кітап Ресейдің және ТМД елдерінің сарапшылары жазған 53 сараптама-мақаладан тұрады. Еңбекте бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы болған елдердің соңғы 25 жылдағы саяси-экономикалық даму тенденциялары талданады. Авторлардың айтуынша, посткеңестіктің кеңістіктегі мемлекеттердің өткені ұқсас болғанымен, қазіргі жағдайы әр түрлі. Оның үстіне, бұл күндері осы салаға қатысты сарапшылардың зерттеуі әлі де жеткіліксіз. Сондықтан, жаңа басылым бұрынғы кеңестік республикаларға жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Мәселен, Қазақстанның 2021 жылға дейінгі дамуы туралы жазған экономистер барлық болжамды шынайы көрсетуге тырысқан.    

Елена Кузьмина, Ресейдің Халықаралық істер жөніндегі кеңесінің сарапшысы:

- Бірінші кезекте біз Қазақстандағы заңнамалық өзгерістерге мән бердік. Сонымен қатар, Қазақ елінде қабылданған түрлі даму бағдарламалары жайлы, көлік инфрақұрылымындағы ірі жобалар туралы, шикізаттық емес саланың дамуы жөнінде жан-жақты жаздық. Жалпы, бұл жинақ, белгілі бір елдің даму деңгейін өзгемен салыстырып, бағалау үшін емес, «посткеңестік мемлекеттердің өткені қалай болды, қазіргі жағдайы қандай және келешегі не болады?» деген сауалдарға объективті түрде жауап беру үшін жазылды.

 Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу