Қазақстан коронавирус тарап жатқан елдерден жұмыс күшін тартуды тоқтатады

02.03.2020
Қазақстан коронавирус тарап жатқан елдерден жұмыс күшін тартуды тоқтатады

Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирус инфекциясы жылдам тарап жатқан елдерге әуе рейстерін шектеп, бұл мемлекеттерден еңбек мигранттарын қабылдамауды тапсырды. 

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронавирус жылдам тарап жатқан елдерге тұрақты рейстерді шектесін. Әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелден жұмыс күшін тарту үшін коронавирустың анықталу деңгейі қолайсыз елдердің азаматтарына рұқсат беруді тоқтата тұрсын. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту бойынша халықпен сапалы ақпараттық жұмыс жүргізсін», - деді Үкімет басшасы.

Хабарламаларға жазылу