Біздің елдерде дамудың посткеңестік өтпелі кезеңі аяқталды - Д.Назарбаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біздің елдерде дамудың посткеңестік өтпелі кезеңі аяқталды - Д.Назарбаева

24.04.2014
Біздің елдерде дамудың посткеңестік өтпелі кезеңі аяқталды - Д.Назарбаева
Посткеңестік кеңістіктегі елдердің дамуының өтпелі кезеңі аяқталды. Бұл туралы бүгін ХІІ Еуразиялық медиа форумның ашылу салтанатында ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлімдеді.
  
 «Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, тәуелсіздік алған мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының сараптамасы посткеңестік, яғни біздің елдердің өтпелі кезеңінің аяқталғанын көрсетеді», - деді Дариға Назарбаева.
  
 Оның сөзінше, еуразиялық кеңістіктегі елдердің даму қарқынын біріздендіру мәселесін шешу - алдағы он жылдықтың басты міндеті.

Хабарламаларға жазылу