Енді мемлекеттік қызметкерлер қызметтік куәлік ұстамайтын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді мемлекеттік қызметкерлер қызметтік куәлік ұстамайтын болады

31.01.2018

Оның орнына ID-карта қолданылмақ. Бұл туралы Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды. Төраға Алик Шпекбаев жаңа талапты алдымен өз агенттігінде енгізіп, қанатқақты жобаны сынап көрмекші. Айта кетерлігі, бұл ереже құқық қорғау органдарын сырт айналып өтеді. ID-картаның ең тиімді тұсы – мемлекеттік қызметкерлердің куәлігін көрсетіп, лауазымын жұмыстан тыс пайдалануын болдырмайды. Ал, қызметтік куәлік – «ескі жүйенің қалдығы», - дейді агенттік төрағасы. Жалпы, мемлекеттік қызметтегі жемқорлықты жойып, жұмыс тиімділігін арттыру үшін біраз өзгеріс енгізу көзделіп отыр. 

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Одан әрі оң өзгерістерге кедергі келтіретін мәселелердің бар екендігін де жасырмаймыз. Оның кейбіреулері объективті сипатта. Біз оларды жоюға күш саламыз. Басқа мәселелердің шешімін ескірген және өзектілігі жоғалған түсініктерден арылсақ қана табамыз. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу