25 жылдың ішінде қызметтік борышын атқарған 938 полиция қызметкері қаза болған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 жылдың ішінде қызметтік борышын атқарған 938 полиция қызметкері қаза болған (ВИДЕО)

07.04.2017

Оның ішінде 765-і Ішкі істер органдарының қызметкері болса, 173-і әскери адамдар. Жұмыс барысында 2 жарым мыңға жуық қызметкер жараланған. Оның 2200-дейі полиция болса, 61-і әскери қызметкерлер.

1993-2016 жылдар аралығында 1147 Ішкі істер органдары және Ұлттық гвардия, оның ішінде 127-сі ерлікпен  қаза болған қызметкерлер мемлекеттік наградамен марапатталды. Ал, Қазақстанда соңғы 3 жыл көлемінде қызметтік борышын өтеу барысында 76 полиция қызметкері көз жұмса, 352 полицей жарақат алған.

2011 жылдың 12-ші қарашасы күні Тараз қаласында орын алған лаңкестік әрекеттен 7 адам қаза тапты. Олардың ішінде полиция капитаны Ғазиз Байтасов, сондай-ақ, екі азаматқа оқ атқан лаңкес Мақсат Қариевті құрықтау кезінде 4 тәртіп сақшысы көз жұмды. Жарақат алғанына қарамай ол жарылғыш затты іске қосқан лаңкесті денесімен жауып, айналасындағы адамдарды құтқарып қалды. Қызметтік борышын өтеу барысында  қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа Халық қаһарманы атағы мен «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендері берілді.

Хабарламаларға жазылу