Сот- сараптама қызметінде олқылықтар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот- сараптама қызметінде олқылықтар көп

15.01.2018

Сот-сараптамасы қызметінде жүріп 56 дәрігер туберкулез жұқтырған. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтылды. 26 қызметкер әртүрлі вирустық гепатитпен ауырған. Сот медициналық және сараптамалық орталықтары біріктірілген соң қауіпті вирус жұқтырған мәйітпен жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу тоқтатылыпты. Сонымен қатар, сот сарапшылары жалақысының аздығы бұл салаға келетін мамандардың азаюына себеп болып отыр. 20 жылдық еңбек өтілі бар жоғары білікті сот сарапшылары айына 120-150 мың көлемінде жалақы алады. Әділет министрінің айтуынша, сот-сараптама саласында осындай қиындықтар бар.  Мәселен, сараптама қорытындысын ұзақ күтуге тура келеді. Күткені былай тұрсын, қоғамда сараптама нәтижесіне қарама-қайшылықтар жиі кездеседі. Сондықтан, аталған қызметті реформалау міндеті тұр. 

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 - Сот-сараптама көрсеткендей, қазір біздің еліміздің 92 аудан орталығында сот-медициналық сараптама жоқ. Екінші бір мәселе, сарапшылардың жүктемесінің көптігі және көптеген кардлардың жұмыстан кетіп жатқаны.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу