Елімізде көмір тапшылығы жоқ - Бақытжан Жақсалиев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде көмір тапшылығы жоқ - Бақытжан Жақсалиев

27.10.2017

Бұл жайында Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев көмірге қатысты туындаған мәселені талқылауға арналған жиында мәлімдеді. Бүгінге дейін халықтың қажеттілігін өтеуге 9 миллион тонна көмір кеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 13 пайызға көп. Ал, жалпы биыл Қазақстанда  82 миллион тонна көмір өндірілген. Оның 60 млн тоннасы ішкі нарыққа жолданып, 23 млн тоннасы сыртқа саудаланбақ. Көмір өндіру ісі өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға өссе, отынды сыртқа жөнелту көлемі 13 пайызға артқан.

Қазір Астанада көмір тапшылығы азайып, тұрғындарға қара отын үздіксіз беріліп жатыр. Алайда, отынды басқа облыстардан келіп сатып  алушылар легі толастар емес.

Саят Исатов, Электр энергетикасы және Көмір өнеркәсібі департаментінің басқарма басшысы:

 - Олар бірінші басымдықты ішкі нарыққа қояды. Оның ішінде халықты қамтамасыз ету, сосын коммуналдық-тұрмыстық қажетке, ол біздің мектебіміз, ауруханамыз деген сияқты. Толық қамтамасыз еткеннен кейін ғана сыртқа жөнелту басталады.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу