Мәжіліс төрағасы жұмыс сапарымен Атырауға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасы жұмыс сапарымен Атырауға барды

23.10.2017

Бүгін Мәжіліс төрағасы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, Ақпарат және Коммуникациялар туралы заңға енгізілетін өзгерістерді талқылады. Осы тақырыпқа орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Мәжіліс төрағасы, төменгі палата депутаттары қатысты.

Билік, халық, бақ. Үшеуі қай кезде болмасын бір-бірімен тығыз байланысты. Елбасы тапсырған міндеттердің бірі жаһандық тенденциялар ағымында қазақстандық БАҚ-тың дамуына қолайлы жағдай жасау. Құжаттың көздегені де осы еді.

Ақпараттық кеңістіктегі дамытудың бірқатар аспектілерін заңнамалық тұрғыдан реттеу қажет. Заң жобасына 200-ден астам түзету енгізілген. Маңызды өзгерістерге ұшыраған үш сала бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттандыру және байланыс. Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы өз пікірлерін білдірді.

Ақпарат кімнің қолында, сол әлемді билейді. Бұл рас. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі маңызды. Бұл «Ұлт Жоспары 100 нақты қадамда» да айтылған. Елімізде 3 мыңнан астам бақ тіркелген. Оның 84 пайызы газеттер мен журналдар, 9 пайызы электронды БАҚ және 7 пайызы ақпараттық агенттіктер. Елімізде бұл салаға көп көңіл бөлінуде, сөз бостандығына мұмкіндік берілген. Ал, құжатты Мәжіліс қабырғасында талқылаған кезде оған тек депутаттар емес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері де тартылып еді. Жаңат заңның жағымды тұстары жетеді. Мәселен,  4 байланыс операторына бір станция арқылы бірнеше оператор жұмыс істей алады.

Мәжіліс төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің бюро мүшесі Нұрлан Нығматулин заң жобасы қызу талқыланған дөңгелек үстелден соң мұнайлы өлкенің тұрғындарын қабылдады. Түйіні көп түйткілдерін тыңдады. Тұрғындар өзекті мәселелерге тұщымды жауап алды. Жалпы, басты мақсат - әлеуметтің әлеуетін арттыру.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу