Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында жаңа аллея ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында жаңа аллея ашылды

17.10.2017

Оның бойына Республикалық физика-математика мектебінің ұжымы 45 түп қырым қарағайын екті. Шараға елге танымал тұлғалар да қатысты. Әрбір түп қарағайды мұғалім мен шәкірті және осы білім ошағының түлегі бірігіп отырғызды. Себебі, аталған білім ошағын бітіріп кеткен азаматтар әркез қаржылық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, аллеяның жанына арнайы тақтайша да орнатылды. Келешекте «Бұл жер мектеп түлектерінің кездесетін тарихи орнына айналады», - дейді ұстаздар. 

Ербол Байеков, «Республикалық физика-математика мектебі» АҚ басқарма төрағасы:

 - Түлектерден ұсыныс түсті. Көшет отырғызайық, ағаш отырғызайық деген. Сосын барып сол идеяны біз ары қарай дамытып, осы парктен жер алып сол талды бүгін отырғызып жатқан жайымыз бар.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ   

Хабарламаларға жазылу